Павлодар облысында коронавирустан көз жұмған науқастың бірінші тесті теріс болған – Қазақстан жаңалықтары

0
1
Advertisement

Павлодар қаласының 1935 жылы туған тұрғыны кеше коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.   

коронавирус

«Жылдар бойы артериялық гипертензиямен диспансерлік есепте тұрды. 26 мамырда емделушінің үйінде дене қызуы көтеріліп, тамақтың ауыруына шағымданған. Емхананың үйдегі мобильді бригадасының дәрігерімен қаралды. ЖРВИ диагнозы қойылған, ем тағайындалған», – деді Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы. 

Мекеменің мәліметіше, науқастан COVID-19-ға анализі алынды, ол теріс нәтиже көрсетті. 28 мамырда әйел жедел жәрдем бригадасымен провизорлық госпитальдің пульмонологиялық бөлімшесіне жеткізілді.

Жағдайдың ауырлығын және тыныс алу жетіспеушілігін ескере отырып, қабылдау бөлмесінде қарқынды терапия палатасына жатқызылған, кейін ӨЖЖ аппаратына қосылған.

«31 мамырда қайта тексеріліп, нәтижесі оң болды. 1 маусымда сағат 15:50-де реаниматолог маманның қатысуымен  реанимобиль көлігімен жұқпалы ауруханаға ауыстырылды. Науқасқа барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді, қажетті мамандарға кеңес берілді. Қарқынды терапияға қарамастан, 1 маусым күні 17 сағат 05 минутта пациенттің биологиялық өлімі анықталды», – деді Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Комиссияның шешіміне сәйкес өлім жағдайына себеп коронавирус болып тіркелді.

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз