Павлодар облысында ер азамат әйелін өлгенше сабап тастаған — Қазақстан жаңалықтары

0

Павлодар облысында өз әйелін өлімші етіп сабаған ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Қазақстан азаматы Белорусь елінде қыздарды жезөкшелікке тартты деп күдіктелуде

40 жастағы азапталып өлтірілген әйелдің денесі Кенжекөл ауылында дала аэродромының маңында табылған. Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы марқұмның күйеуі ұсталған. Полицейлердің мәліметінше, ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туған, ашуға булыққан ер адам әйелін өлердей етіп ұрып тастаған. 

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106 бабы 3 бөлімі «Денсаулыққа өлімге апарарлық зардап келтіргені үшін» заңы бойынша іс қозғалған. Күдікті 8-12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Қазір айыпталушы уақытша тергеу изоляторын қамауға алыныпты. 

 

stan.kz