Павлодар облысында банкоматты жарып жіберген ұры ұсталды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Павлодар облысы Ақсу қаласында банкоматты жарып жіберген ұры құрықталды. Жігіт жеңіл жолмен ақша таппақ болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Ақсу қаласының жедел уәкілдері 1995 жылы туған қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды polisia.kz.

Ол қасақана өрт қойып, жарылыс жасап, қауіпті жолмен бөтен адамның мүлкін қасақана зақымдады деген күдікке ілінді.

«27 ақпан күні түнде «Еуразиялық Банк» АҚ күзет қызметкерінен полиция бөліміне Ақсу қаласындағы банк филиалында банкомат жарылғаны туралы хабар келді. Ер адам банкоматты пайда көру үшін қасақана жарған», — делінген ақпаратта.

Кейін банкоматта ақша болмағаны анықталды. Жедел-тергеу тобы оқиға орнында болды. Зардап шеккендер жоқ.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 202-бабы, 1-бөлімі, 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.



sputniknews.kz