Павлодар облысында анасына дөрекі сөйлеген жігіт жауапқа тартылды

0

Павлодар облысы Успен ауданында анасына дөрекі сөйлеген жас жігіт жауапқа тартылды.Отбасылық жанжал кезінде 27 жастағы жігіттің мас болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мұндай отбасылық жанжалдар жиі кездеседі. Мәселен, 6 қазан күні Успен ауданы ауылдарының бірінің тұрғыны тәртіп сақшыларынан шұғыл түрде келіп, үйде жанжал тудырып жатқан ұлын тыныштандыруды сұраған. Тәртіп сақшылары өтініш берушінің 27 жастағы ұлы үйге мас күйінде келгенін анықтады. Ол анасына дауыс көтеріп, дөрекі сөйлеп, қарғыс жаудыра бастаған. Ұлының мұндай әрекетінен шошып қалған анасы көз жасына ерік беріп, мұндай жағдайдың бірінші рет орын алғанын айтқан. Сондай-ақ, әйел ұлының қосымша  жұмыс істеп, қалыпты өмір сүретінін жеткізген. “Жас жігіт полиция бөлімшесіне жеткізіліп, өткізілген медициналық куәландыру оның орташа деңгейде мас екенін көрсетті. Ауыл тұрғынына қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып,  материал қаралу үшін сотқа жіберілді”, — деді Успен ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Арман Ашренов.