Павлодар облысында әкімдер «хан сарайындай» кабинетте отырған

0

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті ауылдық округ әкімдерінің кабинеттерін тексеріп, олардың бұйрықта бекітілген нормаға сай еместігін анықтады деп хабарлайды baq.kz.

Көрнекі фото: 1001kover.com.ua

Көрнекі фото: 1001kover.com.ua

Дереккөз мәліметіне сүйенсек, бұл олқылықтар Аққулы ауданында жүргізілген тексерістен кейін түзетіліпті.

Мамандардың айтуынша, еліміздегі Қаржы министрлігі бекіткен нормаға сәйкес, әкімдердің кабинет аумағы 15 шаршы метрден аспауы тиіс.

Алайда аудандағы Жамбыл ауылдық округінің әкімі — 70,7 шаршы метр, Ямышев ауылдық округінің әкімі – 62,4 шаршы метрлік кабинетте жұмыс істеп жүрген екен.

«Нәтижесінде Аққулы ауданының басшылығына әкімдер отырған кабинеттерді қайта қарастыру ұсынылып, 120 шаршы метр алаң босатылды», — дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Айнұр Сәдуақасова.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар