Павлодар облысында 32 ауылдық аумақ әкімдері менеджментті үйренуде

0

Бірақ, Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін енгізу бойынша әкімдердің бірталай жауапсыз қалған сұрақтары да бар. Осы мақсатта Мемлекеттік басқару Академиясы елімізде «Аймақтың дамуына бағытталған жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің трансформациясы» тақырыбында бюджеттің 4-ші деңгейін енгізген 1062 ауылдық аумақ әкімдері үшін семинар өткізбек.

Еліміздегі Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында 32 ауылдық аумақ әкімдері үшін оқыту семинары ұйымдастырылуда.

Филиал мамандарының айтуларынша, бюджеттің 4-ші жеке деңгейіне өткен ауылдық аумақтар әкімдеріне арналған семинар өте өзекті. Ауыл әкімдері жобалық менеджментті қалай жасау керектігін үйренуде.

Семинарларда тәлімгерлерімен, мемлекеттік басқару және облыстық басқармалар сарапшыларымен ауылдарға арнап жобалар жасалады.

Әкімдер жобаларын талқылауға мүмкіндік алып, оны нақты қорғап шыға алады. Жобалар тәжірибе жүзінде іске асырылады.

Семинар нәтижесінде қатысушылар бюджеттік үрдіс пен коммуналдық меншікті басқару, ведомстволық әкімшілік-аумақтық бірліктің салықтық әлеуетін ескере отырып кіріс базасын құру бойынша тәжірибелік сабақтарын оқып үйренуде.

Мысалы, белгілі бір ауылдық аумақтың негізгі әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттаған 32 жоба жасалды.

Биыл Мемлекеттік басқару академиясының филиалы бірнеше семинар өткізді. Олардың барысында мемлекеттік бюджеттің төртінші деңгейін енгізу үрдістері зерттелді. Баянауылда өткен семинарға Баянауыл, Май, Шарбақты, Аққулы аудандары мен Ақсу, Екібастұз қалаларынан барған 50 әкімі қатысып қайтты.

Облыс әкімдігі аппаратының бастамасымен биыл 12-13 қараша аралығында бюджеттің 4-нші деңгейін енгізген 67 ауылдық аумақ әкімдерімен «Жеке бюджетті құру. Әкімшілік айыппұл салудың тәртібі» тақырыбы бойынша кеңейтілген семинар өткізілді.

Фарида БЫҚАЙ

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген: Валерий Бугаев