Павлодар облысы тұрғындарының 64%-ы мемлекеттік қызметті ХҚКО-дан алады

0
59
21 Желтоқсан 2018, 20:21 183 0

Фото: pavlodarnews.kz

Астана, BAQ.KZ. Өңіріміздегі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына зерттеу жүргізген С. Торайғыров атындағы ПМУ өкілдері атқарған жұмыс нәтижелерін жариялады. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Облыстық әкімдікте өткен ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында ПМУ философия кафедрасының меңгерушісі Майра Қожамжарова қызметтерді алу үшін халық ең көп жүгінетін мемлекеттік органдарды атап өтті.

Зерттеулерге сәйкес облыс тұрғындарының 64%-ы халыққа қызмет көрсету орталықтарына, 28%-ы мемлекеттік органдарға жүгінеді және 11,2%-ы egov.kz порталын пайдаланады. Десек те, павлодарлықтар ХҚКО-мен салыстырғанда мемлекеттік органдардың қызмет сапасына жоғары баға береді. Жергілікті атқарушы органдар тұрғындар тарапынан 4,8 деген бағаға ие болды.

«Неге екені белгісіз, тұрғындардың ХҚКО көмегін жиірек пайдаланытынына қарамастан, ХҚКО-дан гөрі мемлекеттік органдарға сенімділік деңгейі жоғары. – Тұрғындар мемлекеттік органдар қай жерде қолжетімді болса, сол органдарға тікелей барып қызмет алу мүмкіндігін таңдайды», – дейді Майра Қожамжарова.

Зерттеулерге сүйенсек, тұрғындар ең көп пайдаланатын қызмет түрі (59,1%) дәрігердің қабылдауына жазылу екендігі анықталды. Бұдан кейінгі орында медициналық мекемелерге тіркелу – 53,4%-ды құрайды. Үздік үштікті 41,6%-бен балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне тіркеу қорытындылайды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ