Павлодар облысы мен Қостанайда бір күнде үш бала көп қабатты үй терезесінен құлады
Павлодар облысы мен Қостанайда қатарынан үш бала көп қабатты ғимарат терезесінен құлап түсті деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.
«17 мамырда Павлодар облысының Ефремовка ауылында бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер терезесінен ересектер қараусыз қалдырып кеткен 2016 және 2018 жылы туған екі бала құлап, ауруханаға жеткізілді. Қостанайда Абай даңғылында орналасқан бес қабатты тұрғын үй терезесінен ересектер қараусыз қалдырып кеткен 2014 жылы туған бала құлап, ауруханаға жеткізілді» деп хабарлады сенбі, 18 мамырда комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Құтқарушылардың айтуынша, көп жағдайда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған кезде осындай оқиғалар жиі қайталанады.
Қазақстанда балалардың терезеден құлауы жиі кездеседі. Мамандардың сөзінше, бұған ата-аналардың салғырттығы мен елдегі балабақшаның аздығы себеп.