Павлодар мен БҚО бірлесіп Түркістанда музей салады

0
05 Желтоқсан 2018, 14:30 270 0

Астана, BAQ.KZ. Ашық аспан астындағы музейге Түркістан облысындағы киелі орындарының кішірейтілген көшірмелері қойылатын болады.

Рavlodarnews.kz сайтының мәліметінше жаңа музей Қожа Ахмет Ясауи мавзолейінің маңында бой көтеретінін болады.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысымен бірлесіп «Түркістан облысының тарихи-киелі орындар орталығы» атты ашық аспан астындағы музейді салу жобасын жүзеге асыратын боламыз. Шамамен екі гектар алаңға Түркістан облысының географиялық картасының көлемді-кеңістікті негізінде, ертедегі құрылыс технологияларды қолдана отырып, оңтүстік өңірдің тарихи мәні бар ескерткіштерін салу жоспарлануда, — дейді Павлодар облыстық сәулет басқармасы басшысы Нұрлан Қақамбетов.

Жобаны жүзеге асыру 1,5 жылға созылып, ол 2020 жылдың маусым айында пайдалануға берілмек.

«Тағы бір айта кететін жайт, идеяға сәйкес тарихи орындар көшірмелері арасында жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, тамашалау алаңдары, демалатын орындар мен көгалдандыру аймақтарын салу жоспарлануда. Бұл туристерге жайлы жағдай жасауға мүмкіндік бермек», — дейді Нұрлан Қақамбетов.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ