Павлодар мемлекеттік университетінде «Саналы ұрпақ» кеңсесі ашылды

0
28 Желтоқсан 2018, 14:36 177 0

Астана, BAQ.KZ. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова келді.

Кездесу барысында Павлодар облысының жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Саналы ұрпак» кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті.

Қазірдің өзінде, сессия барысында белсенділер студенттер арасында анонимді сауалнама жүргізіп, түрлі мәселелерді анықтауда. Болашақта жастар қозғалысының көшбасшыларының қатысуымен дебат және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Кездесу университеттің ішінде кешенді экскурсия жасаумен жалғасты. А. Шаимова студенттік қызмет көрсету орталығымен, сондай-ақ «Дос-Мұқасан» ВИА шығармашылығына арналған мұражай қорының экспонаттарымен танысты.

Қонақтың ерекше қызығушылығын тудырған адалдық аумағы болды, оның ерекшелігі – бұл жердегі саудада сатушысыз жасалады. Тауар үшін берілген ақша арнайы ыдысқа салынады.

Бастамашылардың пікірінше, бұл ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Университет студенттерімен кездесу барысында Айгүл Шаимова диалог түрінде мемлекеттік қызметкерлерді дайындау және жұмысқа орналастыру мәселелерін, этикалық нормалар және т.б. мәселелерді талқылады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ