Павлодар электролиз зауытында бір жұмысшы қаза тапты

0

Павлодардағы өндіріс орнында бір жұмысшы қаза тапқан. Бұл туралы қазақстандық басылымдар хабарлады. Облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапановтың айтуынша, оқиға 3 наурызда Қазақстан электролиз зауытының аумағында болған.

Алдын ала болжам бойынша, 1986 жылғы азамат жұмыс кезінде арба астына түсіп қаза тапқан.

Қапанов тергеу басталғанын хабарлады.

Биыл қаңтарда Павлодар облысындағы Екібастұз жылу электр станциясында қазандық құбырдың жарылуынан 40 жастағы цех қызметкері қаза тапқан. Оқиғаны тергеу үшін арнаулы комиссия құрылған еді.

Азаттық