Павлодар арнайы экономикалық аймағында 13 инвестормен келісім бұзылған

0

Аймаққа өткен жылы  15 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. Оның 7 млрд. теңгесі шетелдік инвесторлардың қаржысы.

Бұл күндері Жасанды тастан раковиналар жасайтын «RTF — PVL» ЖШС, алюминий силикатты микросфера өндіретін «Металлогамма» ЖШС және қоспалы алюминий шыға-ратын «Leichtmetall KZ» ЖШС сияқты жаңа  кәсіпоырндар ашылып,  жұмыс жасауда.

Аймақ өкілдері өндірілген өнім көлемі  өскенін, бюджетке 3,6 млрд. теңге мөлшерінде салықтық түсім аударылғанын  мәлім етті.

Бұл мақсат үшін Инвестиция тарту, инфрақұрылымды дамыту және маркетингтік тұрғыдан жұмыс  жүргізілген.

Сонымен қатар, тазарту құрылыстарының екінші кезеңі, оңтүстік бағыт бойынша автомобиль дәлізі және кәріз жүйесі пайдалануға берілген.

Алдағы жылдары  жүзеге асырылатын қосымша 5 инфрақұрылым-дық жобаға  2,1 млрд. теңге қарастырылуда.

Мысалы, «Ертіс Нефте-сервис» кәсіпорны жанар-жағармайға арналған қоспаларды өндірсе,  химиялық тыңайтқыш шығаруда жоспарда бар.

Өндірісті –өнеркәсіпті  аймақты әлемге танытып, инвесторларды алыс-жақын шет елден тарту үшін цифрлық форматқа көшу  жүйесі басталды.  

Арнайы экономикалық аймақтың кеңеюіне орай қосымша электр қуатын жеткізу мәселесі де күн тәртібінде.

Бұл күндері облыс орталығындағы электр желілерін тарататын кәсіпорын арнайы жоба әзірлеуде.

Ал, шетелдік инвесторлар арнайы үшін аймақта өндірістік алаңдардың дайын  тұрғаны қажет. Оларға өндірістік жабдықтарын жеткізіп, бірден ісін бастауға  оңай.

Бұл үшін шағын бірнеше кәсіпорын орналасатындай өндірістік ғимараттар салуды ұсынылуда. Облыс әкімдігі бұл ұсынысты құптайды.

Өйткені, арнайы аймақта  сұранысы жоғары өнімдер шығару  керектігі белгілі. Сондықтан, қазір  жауапсыз инвесторлармен де жұмыс жүргізілуде. Бұған дейін 13 инвестормен  жасалған келісім бұзылыпты.

Яғни, арнайы аймақтан жер телімдерін алып, бірақ та ештеңе жасалмаған жерлер кері қайтарылуда.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Дереккөз: http://egemen.kz/