Павел Дуров 12 қылмыс жасады деп күдіктелуде

0

Париж прокуратурасына сілтеме жасай отырып, «Новая Европа газета» басылымы осылай жазады.

Кәсіпкер, Telegram платформасының негізін қалаушы күдікті қылмыстардың қатарында:

▪️ Ұйымдасқан топтардың заңсыз мәмілелерін жүргізу үшін онлайн-платформаны әкімшілендіруге қатысу;

▪️ Құқық қорғау органдарының сұрау салуы бойынша тергеу жүргізу үшін қажетті ақпаратты немесе құжаттарды беруден бас тарту;

▪️ Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған порнографиялық видеоларды сақтауға қатысу;

▪️ Есірткіні таратуға қатысу;

▪️ Киберқылмыстарға қатысу;

▪️ Ұйымдасқан қылмыстық топтар құрамындағы алаяқтыққа қатысу.

Еске сала кетейік, тұтқынға алынған Дуров Нобель премиясына да ұсынылып жатыр.