Патриоттық мемдер жасауға бюджеттен жарты миллион теңге бөлінген (фото)
Өскеменде патриоттық мемдерге жарты миллион теңге жұмсалған. Ал бірегей идеяның авторы – Жақсылық Омар бастаған Қазақстанның ең креативті әкімдігі. Бұл туралы https://t.me/protenge редакциясы зерттеу жүргізді.
Мемдерді әлеуметтік желілерде жариялау міндеттелген. Бірақ ол жүзеге аспаған. Protenge.kz редакцияның журналистері Жақсылық Омардан бұл туралы егжей-тегжейлі сұрады.
Сауалға жауап ретінде бізге жеткізуші ешқашан ірі медиа-алаңдарда стикерлер жарияламағанын, сондықтан бюджетке 290 мың теңге қайтарғанын айтты. Мемлекеттік сатып алулардағы құжаттардажеткізушіге 578 мың теңге төленгені анықталды, бірақ бюджетке қайтарылған ақша — ашық құжаттарда көрсетілмеген.
Фотосуреттің метадеректеріне сәйкес, кейбір стикерлер 13 ақпанда, ал басқалары 14 және 15 ақпанда жасалған.
Патриоттық Мемдер сізге ұнады ма?
Ақпарат, фото: https://t.me/protenge телеграм-арнасы