Пәтер қожайындары тұрғынды үйде отырып-ақ тіркеуден шығара алады

0
Электрондық сандық қолтаңба
Фото: Egemen.kz

Енді әрбір жылжымайтын мүліктің иесі пәтердегі тіркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеу есебінен үйінде отырып-ақ шығара алады. “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ “Тұрғын үй иесінің өтініші бойынша азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу есебінен шығару” мемлекеттік қызметінің іске қосылғанын хабарлады.

“ҰАТ” АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол үшін eGov.kz порталындағы қызметке өтіп, жылжымайтын мүліктің орналасқан өңірін таңдау жеткілікті. Өтінішті растау үшін “Азаматтарға арналған үкімет” МК КЕАҚ (ХҚКО) фронт-кеңселеріне жүгінудің қажеті жоқ.

Бұл қызметті алу үшін eGov.kz порталында тіркелу қажет. Қызметтің нәтижесін “Қызметтерді алу тарихы” бөлімінен көруге болады.

Азамат тіркеуден шығарылса, ол туралы құжаттың дайындығы туралы хабарлама пайда болады. Бұрын бұл қызмет “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы арқылы ғана көрсетіліп келген еді.

Тіркелген жеке тұлғалардың мекенжай мәліметтерінде мекенжайды тіркеу коды (МТК) болмаған жағдайда онда осы тұлғалар тіркелген тұлғалар тізімінде көрсетілмейтініне назар аударамыз, – делінген хабарламада.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz