Парламенттегі 107 депутаттың 69-ы неге Мемлекеттік тілді қолдамады?

0

Парламент Мәжілісіндегі 27 сәуірдегі Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау, Конституцияның 7-ші бабын өзгертіп, мемлекеттік тілдің статусын жеке дара айқындау, еліміздің ақпарат алаңын шетел телеарналарынан тазарту, біздің елге көршілес елдерден ағылып жатқандарға тосқауыл қою мақсатында Қазақстан Азаматтығын алу үшін Қазақ тілі мен ел тарихынан емтихан тапсыру туралы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, “Ақ жол” фракциясы мүшесі, ақын Қазыбек Исаның депутаттық сауалын қолдап, 107 депутаттың 38 депутаты қол қойды, деп жазады kznews.kz сайты qazaquni.kz-ке сілтеме жасап.

Өзге ұлт өкілдері Шиповских, Платонов, Смышляева, Ильяс Буларов, Абилфас Хамедов, Қаратаевтар жоғары патриоттық көрсетіп қол қойғанда, басқа 68 депутат, әсіресе қазақ депутаттар қайда?

Неге олар Мемлекеттік тілді қолдамай, қарсы болды?

Белгілі журналист, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қазақ тілінің жанашыры Сәуле Мешітбайқызының “Қалған депутаттар қайда?”-деп, әрқайсысының аттарын атап іздеп, олардың “Қазақ тілін қолдамағаны өте өкінішті” деп, ренжіп жатқаны орынды. 

— Ия, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕН БАСТАЛАДЫ..! » ТІЛ ЖОЙЫЛСА ҰЛТ ЖОЙЫЛАДЫ «ДЕП КЕТТІ АЛАШ АРЫСТАРЫ..!

Әулиеаталықтар көрінбейді тізімде, М. Төлепберген жоқ екен ау.. Әттеген ай..! Аталаларымыз «Осындайда шаппағанда…» деген екен. Айдос Сарым, Ерлан мырзалар, біраз азаматтар жоқ, ӨКІНІШТІ!

…АЛЛАҒА ШҮКІР ПАРЛАМЕНТ «ДҮР» ЕТТІ..! ҚАЗБЕК ИСА БАУЫРЫМА, АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН, ҚАТАРЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ..! БІЗ, ХАЛЫҚ, БІРГЕМІЗ! — деп жазды С. Мешітбайқызы. 

Оған жауап берген Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса барлық депутатқа алдын ала ескертілгенін айтты.

— Сәуле Мешітбайқызы, дұрыс айтасыз апай, мен бұларға, “осы қолдайды-ау” деген депутаттардың барлығының телефондарына жеке жазып жіберіп, екі күн күттім. Кейбірі жауап бермей құтылды, кейбір қазақ депутаттар қазақ тілі туралы депутаттық сауалды қолдаудан бас тартты.

Өзге ұлт өкілдері Шиповских, Платонов, Смышляева, Ильяс Буларов, Абилфас Хамедов, Қаратаевтардан бастап Мемлекеттік тілді қолдап, отаншылдық рухын көрсетіп жатқанда қазақ депутаттардың бұғып қалғаны әрине, өте өкінішті! — деп жазды депутат.

Ал, сіздің депутатыңыз Қазақ тілін қолдап дауыс берді ме?

Төмендегі тізімнің ішінен қараңыздар! Жоқ, болса, сауал қойыңыздар: “Ата-баба Аманаты қайда? Неге орындамай, Қазақ тіліне қарсы болдың!? — деп сұрауымыз керек бәріміз!

Қол қойып, қолдағандар: 

«Ақ жол» фракциясының мүшелері:

Қ. Иса,

А. Перуашев,

Д. Еспаева,

А. Әбілдаев,

Е. Барлыбаев,

Б. Дүйсембинов,

С. Ерубаев,

А. Жұмабаева,

А. Линник,

Е. Өмірғали,

М. Раманқұлов,

Ғ. Хамзин.

 

«Amanat» фракциясы мүшелері:

Геннадий Шиповских

Артур Платонов

Фахриддин Қаратаев

Мақпал Тәжмағамбетова

Әлия Әбсеметова

Ләззат Рамазанова

Жұлдыз Сүлейменова

Гүлдара Нұрымова

Елнұр Бейсенбаев

Самат Мұсабаев

Еділ Жаңбыршин

Саясат Нұрбек

Сырым Ертаев

Аманжол Әлтаев

Жанарбек Әшімжанов

Сырым Адамбаев

Бақытбек Смағұл

Ғани Ташқараев

Берік Бекжанов

Зарина Камасова

Айгүл Құспан

 

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясы мүшелері:

Гауһар Нұғманова

Айбек Паяев

Ғабдул-Ғазиз Құлахмет

 

Қазақстан Халық Ассамблеясы фракциясы мүшелері:

Ильяс Буларов

Абилфас Хамедов

 

Барлығы Парламент Мәжілісінің 39 депутаты қол қойды.

Азамат ТАСҚАРАҰЛЫ