Парламент сайлауында Пашинянның блогы алда келеді
Арменияда өткен парламент сайлауында премьер-министр міндетін атқаратын Никол Пашиняннің «Менің қадамым» блогы көп дауыспен алда келеді. Армения Орталық сайлау комиссиясы 2010 сайлау учаскесінің 532-сіндегі бюллетенді санағанда шыққан алдын ала мәліметі бойынша, «Менің қадамым» блогы 70,2 пайыз дауыс жинап тұрғанын хабарлады.
«Көркейген Армения» партиясы 9,07 пайыз, «Мәдениетті Армения» партиясы 5,99 пайыз, «Дашнакцутюн» партиясы 5 пайыз, бұрын билікте болған Армения республикашыл партиясы 3,94 пайыз, «Біз» блогы 2,07 пайыз, «Сасна црер» партиясы 1,54 пайыз дауыс жинады.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тигран Мукучянның хабарлауынша, сайлауға дауыс беру құқығы бара азаматтардың 48,63 пайызы (1 миллион 260 мыңнан астам адам) қатысты.
2017 жылы сәуірде болған парламент сайлауына сайлаушылардың 60 пайыздан астамы қатысқан.
Дереккөз: Азаттық