Парламент палаталарының бірлескен отырысы 20 маусымда өтеді

Саясат
Қысқа сілтеме алу
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылдың 20 маусымында сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», — деп жазылған өкімде.
sputniknews.kz