Парламент даулы заңдар сессиясынан соң демалысқа кетті

0

Бүгін, 5 шілдеде Қазақстан парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, алтыншы сайланған парламент төртінші сессиясын аяқтады. Парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин параламенттің демалысқа кететінін жариялады.

«Парламент еліміз үшін, халқымыз үшін көптеген қажетті заңдарды қабылдады. Онда елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төртінші сессияның ашылуында берген тапсырмалары мен Қазақстан халқына Жолдауы басшылыққа алынды», – деді Нығматулин.

Өткен сессия маңызды тарихи оқиғаларға толы болғанын атап өткен ол атқарылған жұмыстарға есеп берді.

«Сессия барысында қос палатаның бес бірлескен отырысы, мәжілістің 41 және сенаттың 46 жылпы отырысы өтті. Онда 319 маңызды мәселе қаралды. Жалпы, төртінші сессия басталған кезден 83 заң жобасы қабылданды. Оның ішінде 82 құжатқа Мемлекет басшысы қол қойып, олар өз күшіне енді», – деді мәжіліс төрағасы.

Қабылданған заң жобаларының ішінде бірқатар даулы құжаттар бар.

20 наурыздағы Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы заң жобасы да бар. Мәжілістегі 103 депутат, сенаттағы 43 депутаттың барлығы бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Депутаттар қала атауын референдумсіз өзгертуді ұсынып, ал конституциялық кеңес бұл ұсынысты оң бағалады.

Сонымен қатыр, допинг қолданған спортшыларға жаза қарастырылған, «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы«, «басшылар қызметкерлерінің коррупциялық әрекеттері үшін жауап беретін«, «іс-шараларға журналистерді қатыстыру ережесін күшейтуді ұсынған», «Кинематография туралы» және тағы басқа құжаттар бар.

Нұрлан Нығматулин, өткен сессияда парламентте 20 үкімет сағаты, үш парламенттік тыңдау, 24 «дөңгелек үстел» отырысы, комитеттердің 29 көшпелі отырысы, сондай-ақ төрт халықаралық конференция өткенін айтты.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз