Паркті аралап жүрген туристер жігіттің азапты өліміне куә болды – видео

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

196 0 0

Ер адам 7,5 метрлік қоршауға шығып, арыстандарға секіріп түскен. Жігіттің мұндай қадамға неліктен барғаны әзірге белгісіз

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Үндістанда туристер ер адамның жантүршігерлік жағдайда өлгеніне куә болды. Оны жабайы табиғат паркінде арыстандар талап тастады. Бұл туралы Daily Star хабарлады.

Трагедия Пенджабтағы сафари паркінде болды. Паркті көлікпен аралап жүрген туристер ер адам арыстандарға 7,5 метрлік қоршаудан секіріп түскенін көрген. Жыртқыштар оған бірден бас салып, мойнынан сүйреп әкеткен. Жантүршігерлік оқиға видеоға түсірілді.

​​Куәгерлер арыстандарды үркітпек болады, алайда жыртқыштар оған мән бермейді. Парк күзетшісі арыстандарға барып, ер адамның денесін алып шықты.

Арыстанды жеуге келген қорқаулардың өздері жем бола жаздады – видео