Париждегі Олимпиада ойындарында Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы қайтыс болды

0

Париждегі Олимпиада ойындарында Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннің мезгілсіз дүниеден озды. Алдын ала мәлімет бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған.

Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидұлының кенеттен өмірден озуына байланысты отбасы мен туған, туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, — деп хабарлады басқарманың әлеуметтік желідегі парақшасы.