Парижде аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың жүз жылдығы атап өтілді

0

Парижде аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың жүз жылдығы атап өтілді, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Kz.kursiv.media сайтына сілтеме жасай отырып.

«Қазақ бұлбұлының» мерейтойы ЮНЕСКО-ның айтулы күндер күнтізбесіне енді. Биыл еліміздің Ұйымға мүше болғанына 30 жыл толады. Отандық эстрада мен классикалық сахна әртістері Француз көрермендерін ұлы Роза Бағланованың мұрасымен таң қалдырды. Кеште Абай, Шәмші Қалдаяқов және Нұрғиса Тілендиевтің әндері шырқалды.

Элеонора ВАССИ, музыкалық театрдың директоры:

Сіз сиқыршысыз. Менің көргенім кәсіби деңгейде , өте әсерлі, сезімдерге толы болды. Мен біздің театрдың жұртшылығына дәл осыны ұсынғым келеді. Көрермендерді Қазақстан мәдениетімен таныстырғым келеді!

Ермак Д.

Фото: tekelinews.kz