Парижде Алжир президентіне қарсы митингке 6 мың адам шықты

0

Митингті оппозиционер Фаттах Бендали ұйымдастырды.

Алжир президенті Абдель Азиз Бутефликаның сайлауға бесінші рет түсуіне қарсылық білдірген 6 мыңдай адам Парижде митингке шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Париждегі шеруді «Джейль Джаид» («Жаңа буын») оппозициялық партиясының өкілі Фаттах Бендали ұйымдастырды.

Митингке шыққандар 81 жастағы Алжир президенті Абдель Азиз Бутефликаның жаңа мерзімге сайлануға кандидатурасын ұсынғанына қарсылық білдірді. Алжирде президент сайлауы 18 сәуірде өтеді. Қазіргі мемлекет басшысы Абдель Азиз Бутефлика билікте 1999 жылдан бері отыр.

Бутефлика төрт рет (1999, 2004, 2009 және 2014 жылдары) Алжир президенті болып сайланған. Осы жылдар ішінде ол билік пен исламистер арасындағы қарулы қақтығысты тоқтатты. Қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, елге шетелдік инвестициялар әкелді.

10 ақпанда Бутефлика қатарынан бесінші рет сайлауға түсетінін ресми түрде жариялады. Бірақ президенттің денсаулығы мәз емес. 2013 жылы Бутефлика инсульт алып, бірнеше апта бойы Франциядағы госпитальда жатқан.

2 наурызда Al Mayadin және Youm7 басылымдары медициналық ортадағы дереккөздерге сілтеме жасап, Абдель Азиз Бутефликаның ауыр жағдайда Женева ауруханасында жатқанын хабарлады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz