Париж орталығында қатты жарылыс болған
Париж қаласының полициясы қала орталығында қатты жарылыс болғанын хабарлады. Қанша адамның зардап шеккені әзірге белгісіз.
Алдын ала дерек бойынша, жарылысқа нан дүкеніндегі газдың шығуы себеп болған. Бұл ауданда “Лафайет” галереясы мен балауыз мүсіндер музейі орналасқан. Оқиға орнында қазір полиция мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.
Оқиға “сары жилеттілердің” жаппай наразылығы жалғасып жатқан кезде болып отыр. Әр аптаның демалыс күндері наразылыққа шыққан тұрғындар биліктен қымбатшылықты жоюды талап етеді. Бұған дейін акциялардың бірнешеуі тәртіпсіздіктерге ұласқан.
Халықтың жаңа толқуынан қауіптенген Париж полициясы қызу дайындыққа көшті. AFP агенттігінің жазуынша, жағдайды бақылау үшін қала көшелеріне 5 мың полицей шығарылған.
Дереккөз: Азаттық