Париж Олимпиадасына қатысқан алғашқы әйел кім

0

Париж Олимпиадасы күн санап жақындап келеді. Осы орайда, Спортты дамыту дирекциясы Франция туралы қызықты фактілердің бірін жариялады. Осыдан тура 124 жыл бұрын Париж Олимпиадасында сынға түскен алғашқы әйел спортшының кім екені анықталды.

1900 жылы Париж Олимпиадасында алғаш рет әйелдерге қатысуға мүмкіндік берілді. 5 айға жалғасқан (14 мамыр — 28 қазан) жарыста швейцариялық Элен де Пуртале желкенді спорттан командалық сайыста өнер көрсетіп, күйеуімен бірге чемпион атанған.

Сол сәтте әйелдерге тек үлкен теннис пен гольфтан ғана жүлде (2,2%) сарапқа салынған.
Міне, биыл, яғни 2024 жылғы Париж Олимпиадасында ерлер мен әйелдердің үлесі алғаш рет 50/50%-ды құрап отыр.

Олимпиадалар тізіліміндегі ерлер мен әйелдер үлесі:

1896 жыл. Ерлер — 100%
Париж 1900 жыл. Ерлер — 97,8%, әйелдер — 2,2%
1904 жыл. 99,1/0,9%
1908 жыл. 98,2/1,8%
1912 жыл. 98/2%
1920 жыл. 97,6/2,4%
Париж 1924 жыл. 95,6/4.4%
1928 жыл. 90,4/9,6%
1932 жыл. 91/9%
1936 жыл. 91,7/8,3%
1948 жыл. 90,5/9,5%
1952 жыл. 89,5/10,5%
1956 жыл. 86,7/13,3%
1960 жыл. 88,6/11,4%
1964 жыл. 86,8/13,2%
1968 жыл. 85,8/14,2%
1972 жыл. 85,4/14,6%
1976 жыл. 79,3/20,7%
1980 жыл. 78,5/21,5%
1984 жыл. 77/23%
1988 жыл. 73,9/26,1%
1992 жыл. 71,2/28,8%
1996 жыл. 66/34%
2000 жыл. 61,8/38,2%
2004 жыл. 59,3/40,7%
2008 жыл. 57,6/42,4%
2012 жыл. 55,8/44,2%
2016 жыл. 55/45%
2021 жыл. 51,2/48,8%
Париж 2024 жыл. 50/50%

Алайда, биылғы Олимпиада ойындарында Қазақстаннан сынға түсетін спортшылар арасында ерлердің үлесі 67,5 пайызды, әйелдердің үлесі 32,5 пайызды құрап отыр.