«Пара берген»: Нұр-Сұлтан студенттері оқытушылары туралы шындықты жайып салды — Қазақстан жаңалықтары

0

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева студенттер арасындағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

пара

«Сәуір айында елорданың ірі жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы студенттер мен оқытушылар арасында жасырын сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде Студенттердің 87,6% ешқашан пара мен сыйлық бермеген», — деп айтты Жылқышиева.

Сауалнама бес балдық көрсеткішпен бағаланған. Нәтижесінде 11 жоғары оқу орнының студенттерінің көрсеткіштері 4,75 балды құраған. 1 балл – жоққа шығару болса, 5 балл – жоғары бағалау. Студенттердің 6,3% мұндай жағдайларға тап болғандарын жасырмаған. Ал 7,1% жауап беруден бас тартқан. Сұралған студенттердің 71,3% академиялық әділдіктің университетте қалыпты жағдай деп санаған. Оқытушылардың 13,5% сыбайлас жемқорлық өздерінің кәсіби болмауынан орын алады деп жауап берген. 

Сыбайлас жемқорлықпен күресу керек пе деген сауалға олардың 26%-і күресудің пайдасыз және бұл қалыпты құбылыс екенін айтқан. Ал көп бөлігі «міндетті түрде күресу қажет, бұл өзекті мәселе» деген нұсқаны белгілеген. 

«Студенттердің сыбайлас жемқорлық фактілері жиі болатын негізгі салалар мен денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау органдары және сот жүйесін атаған. Олар ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық біліксіз мамандардың болуына байланысты деп көрсеткен», — дейді департамент басшысы.

stan.kz