Пара алған қызметкері үшін жұмыстан кеткен Текелі әкімі жаңа қызметке тағайындалды
Пара алған қызметкері үшін отставкаға кеткен Текелі әкімі Бақтияр Өнербаев жаңа қызметке тағайындалды.
Ол Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы ол телефон арқылы айтып берді.
Еске салайық, бұған дейін Текелі әкімі қоластындағы қызметкері үшін отставкаға кеткен болатын.
Өнербаев Текелі әкімі аппаратының басшысы Норқұловқа қатысты 22 тамыздағы үкім заңды күшіне енгеннен кейін отставкаға кеткен болатын. Ол сыбайлас жемқорлыққа қатысы болғандықтан сотталды.
Айта кетейік, Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінен жасырынбақ болып, өзенге секіргені белігілі.