«Папаңа рахмет»: Айгүл Иманбаева баласының әкесіне ерекше алғысын білдірді
Асылжанның тағы бір тырнақалды жұмысының бірі «Қызыл алма» қысқа метрлі киносының жарыққа шығуымен шын жүрегуммен құттықтаймын құлыным ! Және Қазақстанда алған екінші жоғарғы дипломың құтты болсын! Кино саласы оңай жол емес.Сол жолда тек қана сәттілік сергігің, ниетің жолдасың болып, жолың ақ болсын!
Енді алдыңда үлкен шығармашылық жұмыс күтіп тұр. Соның бәріне Жаратушы Аллам сәтін салсын балам. Аллаға сансыз алғыс. Мен де, Әкең де білесің тек сенің осы аламан бәйгеде оза шабуыңа қолымыздан келген қолдауды білдіреміз! Барлық Ұстаздарыңа рахмет! Папаңа рахмет!», – деп жазды әнші.
«Құтты болсын!», «Демек, қанында болып тұр ғой, кино саласы әкесінен», «Талабына нұр жаусын «, – деп оқырмандар құттықтау-тілектерін жазды.