Пандемиядан кейін Қазақстанда бала туу көрсеткіші күрт өсе ме? Маман жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық демограф, тарих ғылымдарының докторы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Александр Алексеенко коронавирус пандемиясынан кейін бала туу көрсеткішінің күрт өсуі күтіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Демографтың сөзінше, пандемияның туу көрсеткішінің өсуі сияқты жаһандық тұрғыдағы өзгерістерде ешқандай маңызы мен әсері жоқ.

«Күрт өсім бұл — ұзақ жылдар бойы болатын маңызды аспектілердің әсерінен бала туу көрсеткішінің жоғарылауы. Пандемия бұл қоғамдық өмірге әсерін беруі де, бермеуі де мүмкін қысқа ғана кезең. Қазіргі уақытта пандемия өте үлкен мән беріп жатырмыз. Ал негізі бұл статистикаға еш әсерін тигізбейді. Көрсеткіштердің өсуі әдетте жаһандық апаттардан кейін болады, мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс және т.б. кейін өсу болды», — дейді маман.

Айтуынша, қазір адамдар пандемияға продутивті, отбасылық мәселелерге қатысты жаһандық маңыз беріп жатыр. Уақытша ситуациядан стратегиялық проблемаларды шығарып жатыр. 

Қазақстанда осыған дейін қай кезеңге туу көрсеткіші жоғарылғанына қатысты демограф, 50-60 және 80-жылдардағы демографиялық өзгерістерді атап өтті. 

«50-60 жылдары қазақ этносында демографиялық өсім болды. Туу көрсеткіші өз деңгейінде қалып, өлім көрсеткіші сиреді де, бала туу көрсеткіші жоғарылады. 

Яғни осы уақытта 10-15 жыл бойы айтарлықтай сұмдық өзгерістер, жағдайлар болды: әлеуметтік экономикалық, құрылымдық және т.б.

Кейін 80-жылдары қайта өсім болды. Осы кезеңде туған буын некеге тұру жасына сәйкес келді, осыдан барып туу көрсеткіші жоғарылады. 2000-жылдардың басында 80-жылдары неке жасына келген буын жаңа буынды өмірге әкелді. Демек, мұның барлығы — жаһандық өзгерістер», — деп түйіндеді Александр Николаевич.

Демограф пандемияның мұндай жаһандық тұрғыдағы өзгерістерде ешқандай маңызы мен әсері жоқ екенін атап өтті.

 

stan.kz