«Пандемия болады, Трамп жеңіледі» деген көріпкел Covid-19 қашан аяқталатынын айтты
Мұның алдында пандемия мен Дональд Трамптың жеңілісін дәл болжаған британиялық көріпкел 2021-2022 жылға арналған жорамалын ұсынды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.
Николас Ауджула пандемияның қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты. Сөзінше, соңғы уақытта көріпкелге коронавирус туралы сауалдар жиі қойылады.
«2021 жылы ол бірқалыпты болады әрі көктемде бақыланатын деңгейде болады», — деді ол.
Алайда карантиндік шектеулер 2022 жылға дейін созылуы мүмкін екенін жасырмады.
Естеріңізге сала кетсек, миллиардер Билл Гейтс коронавирус пандемиясының 2022 жылдың соңына қарай аяқталуы мүмкін екенін айтқан-ды.