«Пәктік шықпады»: Алғашқы неке түнінде қыз болмай шыққан ару жан сырын ақтарды — новости Казахстана
Алғашқы неке түні пәктік пердесі шықпай қалған ару өз сырымен бөлісті. Тұрмысқа шыққанша, ер адаммен жақындасып көрмеген бойжеткен ары таза екенін дәлелдей алмай жүр деп жазады «Құпия әңгіме» парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Алайда мен ештеңе түсінбедім. Өйткені, қатты ауырсынып жаттым. Ал таңертең тұрсам, төсек тап-таза. Ешқандай пәктік белгісі жоқ. Күйеуім түгілі, өзіме-өзім сенбедім. Осылай отырып жылап жібердім», — дейді өткенін еске алған келіншек.
Өзінің адалдығына күйеуін сендіре алмаған келіншектің ойы сан-саққа кетіп, басы қатқан. Ол жұбайының өзінен біржола суып кеткенін жасырмады.
Айта кетейік, гинеколог мамандар алғашқы неке түні қыздық перденің болмауы қалыпты жағдай екені айтады.
Бойжеткеннің жас мөлшеріне қарай қыздық перденің бірнеше түрі болады. Пәктік кейде алғашқы бала туылғанда алынады екен.
Сондықтан мамандар алғашқы неке түнінен бұрын жастардың гинеколог маманмен кеңесу керектігін айтуда.
Дереккөз: kaz.nur.kz