Пәкістандағы теракт: 16 адам қаза тауып, 30-ы ауыр жарақаттанған — Қазақстан жаңалықтары

0

Пәкістандағы Кветта қаласындағы көкөніс базарында күшті жарылыс болды. Лаңкестік әрекет салдарынан 16 адам қаза тапқан. Тағы 30 адам түрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп. 

Пәкістандағы теракт: 16 адам қаза тауып, 30-ы ауыр жарақаттанған

Қайғылы оқиға таңертең ерте болған. Базардағы сатушылар әдеттегідей көліктен қап-қап картопты түсіріп жатқан. Бірақ олардың бірінде қолдан жасалған жарылғыш зат жасырылған екен. Лаңкестік әрекет орын алған жерді қазір толықтай полиция өз қоршауына алған. Белгілі болғандай, шабуыл этникалық хазарлар қауымына бағытталған.

Айта кетейік, этникалық хазарлықтар осы уақытқа дейін әр түрлі террористік ұйымдар тарапынан жасалған шабуылдардың нысанына айналып келген. Дегенмен, бірде-бір топ осы жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Пәкістан премьер-министрі қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Сондай-ақ, ол тергеуді жеке бақылауға алатыны мәлімдеді.

stan.kz