Пәкістанда пойыз апатынан кемінде 11 адам қаза тапты

0

Бейсенбі, 11 шілдеде таңертең Пәкістанда жолаушылар пойызы темір жол бойында тұрған жүк вагонына соғылып, кемінде 11 адам қаза тапты, ондаған адам жараланды. Жергілікті полиция өкілі Хафиз Бугтидің сөзінше, жараланған үш жолаушының хәлі ауыр. Бұдан бөлек, соғылған вагондардың ішінде қалып қалған жолаушылар әлі де болуы мүмкін.

Полиция басшысы Умер Саламаттың айтуынша, Лахор қаласынан Белужистан провинциясына бағыт алған пойыз Валхар теміржол станциясында апатқа ұшыраған. «Апат кесірінен үш вагон рельстен шығып, алғашқы бір вагон толық қираған» дейді Саламат.

Апаттың себебі әлі белгісіз.

Пәкістанда адам өліміне әкелетін теміржол апаттары жиі болады. Елдің негізгі теміржол тармақтары 20 ғасырдың алғашқы жартысында салынып, сол кезден бері әлі жаңармай келеді.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз