Пәкістанда белгісіз біреулердің автобусқа шабуылынан 14 адам қаза тапты

0

Пәкістанның оңтүстік-батысында белгісіз біреулер автобусқа шабуыл жасап, 14 адам қаза тапты. Бұл туралы Пәкістан билігі хабарлады.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Карачиден Гвадарға (Пәкістандағы Белуджистан провинциясы Гвадар округінің әкімшілік орталығы) бағыт алған автобусты қаруланған азаматтар тоқтатқан. Аман қалғандардың айтуынша, шабуыл жасағандар жолаушылардың құжаттарын тексеріп, іріктеп өлтірген.

Шабуыл жасағандардың кім екені белгісіз. Әзірге ешбір топ жауапкершілікті мойнына алмады.

Белуджистан провициясы — Пәкістанда шабуыл мен соғыс ең көп болатын аудандардың бірі. Провинцияда сепаристер де, қаруланған исламшыл топтар да бар. Әдетте белудждық сепаратистер — басқа этникалық топтарға, исламшылдар шииттерге шабуыл жасайды.

Azattyq