Пәкістанда әскери ұшақ апатынан 17 адам қаза болды

0

Бүгін, 30 шілде күні таңертең Пәкістанның Равалпинди қаласы маңында болған шағын әскери ұшақ апаты салдарынан кемінде 17 адам қаза тапқан. Мерт болғандар арасында 12 бейбіт тұрғын бар деп хабарланды.

Пәкістан әскерилерінің мәліметінше, ұшақ апатынан оннан аса адам жараланған. Билік апат болған аумақта төтенше жағдай жариялаған.

Төтенше оқиға кезінде жараланып, ауруханаға жеткізілгендердің кейбірінің жағдайы ауыр, сондықтан құрбандар саны артуы мүмкін деп жазады жергілікті басылымдар.

Апаттың себебі әзірге белгісіз. Әуеде жоспарлы жаттығу жасап жүрген ұшақ тұрғындар тұратын ауданға құлаған.

Azattyq