Пәкістан үндістандық ұшқышты босатуға келісті

0

Пәкістан 1 наурызда Үндістан әскері қызметінің ұшқышын босатады. Үндістандық ұшқыш бірнеше күн бұрын пәкістандық әскерилер атып түсірген Үндістанның екі әскери ұшағының бірінен катапульт көмегімен секіріп үлгергеннен кейін қамауға алынған.

28 наурызда парламентте сөйлеген сөзінде Пәкістан премьер-министрі Имран Хан, ұшқышты «бейбіт өмірді қалайтынымыздың белгісі ретінде» босататындарын айтты.

27 ақпанда Пәкістан Үндістанның әскери әуе күштерінің екі ұшағын атып түсіргенін хабарлады. Пәкістан билігі мұны өздерінің әуе кеңістігіне басып кірген Үндістан әскери күшіне берген жауабы екенін айтқан.

Екі ел арасындағы жағдай соңғы бірнеше аптада ушығып, Пәкістан өзінің әуе кеңістігін алдымен жүк таситын кейін жолаушылар ұшағына да жауып тастаған. Тыйым 1 наурызға дейін қойылған. Соның салдарынан Еуропадан Оңтүстік пен Шығыс Азия елдеріне ұшатын мыңдаған рейстер кейінге қалды.

АҚШ пен өзге елдер Үндістан мен Пәкістанды өзара келісімге шақырды. Қазақстан да екі тарапты «аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мүдделеріне негізделген барынша сабырлылық пен халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырған».

Азаттық