«Өзінше боп жүреді»: әнші Роза Әлқожа жаңа түскен келінімен араз ба?

0

Әнші instagram парақшасына видео жүктеді. SmartNews.kz сайтының хабарлауынша, әнші Роза Әлқожа жақында ғана келін түсіріп, ене атанған еді. Келіні Әсемге әнші күтпеген жерден тосын сый жасап, оны Instagram парақшасына салды.

«Кеш жарық! Сіздер бақыт тілеген келініміз ғой. Алтыншы баламыз деп қабылдадық.  Жаңа үйленгенде, үйге үйренісе алмай жүргенде күйеуіңнен басқа ешкім қызық болмайды ғой. Бар баққаның, бар күткенің бір адам. Ал, ол өзінше боп жүреді дегендей.  Сәлемі, орамалы бәрі де бар. Тек қалаға, қыдыруға шыққанда жалаңбас жүре бер деп рұқсат бердік. Маған да сөйткен. Жалпы, Алматы облысында қатты заң жоқ.  Кеше Ясинаға куртка әпер деп Әсемді сауда үйіне жібергенмін. Өзім салонда едім. Идея деген ойда жоқта келеді емес пе?! Келінге күтпеген жерден кеше салонда отырып осылай жаздық та жасадық. Әділ екеуміздің бұл жасырынбағымыз әділ өтті. Оның айғағы міне! Келінжанның аппақ ниеті шығар?! Көңіліңе құдай берсін! Жаңа түскен келінге тек жақсы сөз айтайық. Сіздерге де осындай ақылды келін бұйырсын!, — деп жазды әнші.

Видеода белгілі болғандай Роза Әлқожа келіні мен ұлын Шри-Ланкаға демалысқа жібермек. Бұл қуанышқа куәгер болған әншінің оқырмандар жылы лебіздерін жаудырды:

«Келіннің жүзі жылы екен», «Сүп-сүйкімді екен келініңіз», «Менің қызыма осындай отбасы бұйырсыншы», «Роза ханым, ененің төресі» дегендей пікірлер жауды.

Фото: видеодан