«Өзіңізге қарап алыңыз»: Жұлдыз Өмірғали өзін сынаған әйелге шүйлікті (фото)

Айқынның екінші жары атанған Жұлдыз Өмірғали желіде өзіне жағымсыз пікір жазған оқырманының масқарасын шығарды. Ашуға булыққан әнші өзін ренжітіп қойған әйелдің суретін Instagram парақшасына жүктеп қойған деп жазады NUR.KZ.
Шоу-бизнес өкілі өзін аяусыз сынап тастаған келіншекті жазалмақ болған көрінеді.
Әйел адам Жұлдыз Өмірғалидің суретіне теріс пікір қалдырамын деп, көпшілікке танылды.
«Шашыңды жөндеші. Маңдайыңа егін егуге болады. Масқара» , — деп жазған ол.
Дәл осы жазба әншінің көңіліне тиіп кеткен. Ол келіншекке алдымен өз бет-келбетіне қарап алуға кеңес берген.
Естеріңізге сала кетейік, Жұлдыз Өмірғалидің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.