Өзіңізді жақсы жаққа өзгертудің 5 жолы

0

Өзіңізді қазірден бастап дамытсаңыз, болашақта көп күш, уақыт, ақша үнемдей алатын боласыз. 

1. Өзіңізді алдамаңыз 
Тəтті жеуді немесе шылым шегуді қойғысы келіп жүрген адамды өзіңізге елестетіп көріңізші. Ол күні бойы тəтті жемеймін жəне шылым шекпеймін, тек кешке дессерттің кішкене бөлігін жеп немесе бір қана шылым шегемін деп уәде етеді. Нәтижесінде ол күні бойы осыдан басқа ештеңе ойламайды. Осы себептен жаман əдеттен құтылу сондай қиын болып есептеледі. 

Егер сіз өзіңізді өзгерткіңіз келсе, істі 98%-ға дейін жасауға болады деген идеядан бас тартыңыз. 

Барлығы орнымен болу керек, әйтпесе өзіңізді əрқашан ынталандыру үшін энергия құртасыз. Өзіңізді өзгертуге уәде бересіз, бірақ әрдайым сол қалпы. Сіз өзіңізді жеңе алмайтыныңызды алдын ала тиып алған сияқтысыз. 

Бірақ сен өзің ойлағаннан мықтысың. Сізге еш нəрсені тиудың қажеті жоқ, сіздің қолыңыздан келеді. Әрине, өзін-өзі дамыту барысында қиын болады, сіз өз қалпыңызбен қоштасасыз. Йа, ол рас: ескі қалпыңыз кетеді, бірақ оның орнына жаңа қалпыңыз келеді. 

2. Өмірді өзгерту үшін, өмірдің бір бөлігін өзгертіңіз 
Адамның ойы басқа жақта адасып жүрсе, бір салада биік белестерге жете алмайды. 
Махатма Ганди 

Өмірдің бір саласына, тіпті кішкене болса да, жағымды өзгеріс енсе, ол өзінің көп əсерін береді. Ең бастысы — күнделікті алынған мотивацияны басқа салаларды өзгерту үшін пайдалану керек. Мысалы, күн сайын өзіңізден сұраңыз: «Мен кем дегенде 1%-ға физикалық, эмоционалдық, психологиялық және психикалық жағдайымды жақсарттым ба?» 

Сіз жақсы жаққа өзгерген сайын, ары қарай өзгеруге құлшынасыз. Сіз көп білген сайын, әлі де көп нәрсені үйрену керектігін түсінесіз. Кешегі күнмен салыстырғанда дамығаныңыз, жақсарғаныңыз ол өте шабыттандырады. Енді ойлап көріңізші, ертең қандай жетістіктерге қол жеткізе аласыз! 

Неден бастау керек екенін білмесеңіз, ештеңе етпейді. Ең бастысы, бір нәрседен бастау. Рас, өзгерістер бірден болмайды, бірақ олар бірінші қадамнан басталады. 

3. Сіз қалаған затыңызға қол жеткізе аласыз 
Сіз ойлаған затыңыздан артық ештеңеге қол жеткізе алмайсыз. Сондықтан ең алдымен ойыңызды өзгертіңіз. Өзіңнен сұра: 

Менде үлкен мақсаттар бар ма? (Менде ұзақ мерзімді мақсаттар бар ма?) 
Мен оларды 10 есеге арттырсам не болады? 
Мен табысқа жететініме сенемін бе? Немесе өзімді алдап жүрмін бе? 
Көп адамдар өзінің өмірін керемет болады деп ойлай алмайды. Олардың ойындағы керемет болашақ өмір армандауға сай келмейтін сияқты көрінеді. Бірақ егер сіз әдеттеріңізді өзгертіп және дамығыңыз келсе, сіз барлығына қол жеткізе алатыныңызға сенуіңіз керек. Қазіргі бар затыңыздан жақсырақ, үлкенірек ойлап, соған ұмтылыңыз. 

4. Өз ортаңызды өзгертіңіз 
Егер біз өз ортамызды қалыптастырып, бақыламасақ, ол өзімізді қалыптастырып, басқарады. 

Маршалл Голдсмит, жаттықтырушы 
Біз жаман əдеттерден арылу үшін қалауымыз жеткілікті деп ойладық. Бірақ өз ортамыз өзгермей, айтарлықтай өзгерістерді күтпеңіз. 

Әрине, ортаны өзгерту оңай емес. Сіз тіпті кейбір жерлерін өзгерту мүмкін емес деп ойлайсыз — бұл солай қалыптасып қалған. Өзіңіз өзгерте алатын заттан бастаңыз. Мысалы, бір қалыпты жүре бермеңіз және ондай адамдарды төзудің қажеті жоқ. 

5. Күн сайын жақсы шешімдер қабылдаңыз. 
Негізгі мәселе — біз тез нəтиже күтеміз. Асықпай, біртіндеп болатын прогресс, бізге прогресс секілді көрінбейді. Осыған байланысты, көп жағдайда өзгеремін деген әрекеттері сәтсіздікке ұшырайды. Жылдам нәтижені көрмей, адамдар бұрынғы әдеттеріне қайта оралады. 

Бірақ адам керемет икемді. Өзіңізді кез келген жерден өзгерте аласыз. Сіздің армандаған өміріңіз, қол жетімді. Өзіңізді жақсарту үшін және қалаған нәрсеге қол жеткізу үшін, күнде дұрыс шешім қабылдап үйрену керек.

Дереккөз: http://reactor.inform.kz