Өзіңізді ақылды етіп көрсетудің 10 жолы

0

Бір топ ғалымдар өмір бойы адамда интеллект қалыптастыру мүмкін бе деген оймен бас ауыртса, енді бір топ ғалымдар қажетті мәселелермен шұғылданып жатыр. Олар әдеттегіден ақылды болып көріну үшін не істеу қажеттігін зерттеп көрді.

Біз ақылды болып көрсететін қарапайым жолдарды тізіп көрсеттік.

Сырт келбетіңізді жөнге келтіріңіз

Сымбатты адамдарды біз ақылдыға жатқызып келеміз. Британдық психолог Сатоси Канадзава зерттеулері көрсеткендей, бұл дұрыс стереотип екен.

Әдемі адамдар генетикалық тұрғыда мінсіз. Сырт келбеті де жақсы, ақылдырақ. Бұл ғасырлар бойы адам санасында қалыптасқан, сондықтан бұған қарай отырып IQ тесттарына бара-бар шешім шығаруымызға да болады.

Қоғам пікірін басқаша қалыптастыру әрине мүмкін. Өз бет-әлпетіңізді жақсы ашып көрсететін шаш үлгісін жасаңыз, егер тісіңізді ағарту керек болса, стоматологқа көрініңіз, бет әлпетіңізді барынша жақсы қалыпқа түсіру үшін опа-далапты пайдаланыңыз.

Алғашқы пікірде қалдырмауға тырысыңыз

Киіміңізге қарап қабылдап, ақылыңызға қарап шығарып салады деп жатады. Каролина университетінің бір топ ғалымдары зерттеулеріне сәйкес, әдетте алғашқы кездесу адам туралы пікірдің қалыптасуына түрткі болады.

Көзге қарауға қорықпаңыз

Кейбір мәдениетте әңгімелесу кезінде көзге қарап отыру ыңғайсыз. Ал егер басқа ұлттық дәстүрді ұстанушылармен қарым-қатынас жасасаңыз, көзіне қарау қажет. Профессор Нора Мерфи (Nora A. Murphy) зерттеулеріне сәйкес, әңгімелесу кезінде көзбе-көз сөйлесу адамның өзіне деген сенімділігін көрсетеді, айналасындағылар да бұған сенімді түрде қарайды.

Егер бұлардан ештеңе шықпаса,

…қалың әйнегі бар көзілдірік тағыңыз…

Вена университетінің бір топ ғалымдары ерекше зерттеулерімен бөлісті. Бет-әлпетті интеллигенция өкілдері етіп қалыптастыратын көзілдіріктерді білеміз. Бұл көзілдіріктердің әйнегінің қалыңдығы да ақпарат береді екен. Әсіресе әйнегі қалың көзілдіріктер адамды жақсы сендіре алады екен. Ендеше, ақылдырақ болып көрінгіңіз келсе, көзілдіріктің әйнегі қалыңдауынан таңдаңыз.

Анық сөйлеңіз

Америка физигі Леонард Млодиновтың айтуы бойынша, жұлдызды аспанға шығармасаңыз да, сөйлеу мәнеріңізге қарап ақылды адам екендігіңізді көрсете аласыз. Анық сөйлеңіз, дарамалық үзілістер жасамаңыз. Егер адам сізді түсінетін болса, арнайы терминдерді қолданбаңыз, өйткені ол өзін сіз әдейі істегендей ақымақ сезініп қалуы мүмкін. Ақылды адам болғыңыз келсе, жайлы адам болңыз.

…және жымиып тұрыңыз

Прагалық Кар университеті ғалымдарының зерттеулері бойынша, жымиып тұрған адам түңіліп тұрған адамға қарағанда анағұрлым ақылдырақ көрінеді екен. Бұл көбіне ер адамдарға тікелей қатысты. Бәлкім әйелдердің жиі жымиятындығына байланысты болар, бәлкім әйелдердің жымиысы жеңілтектің белгісі деп қабылданатын болғандықтан шығар.

Сізді еш қиындықсыз түсінетіндей етіп жазыңыз

Біздің заманымызда жазбаша хабарламалар басқа байланыстарға қарағанда маңыздырақ болып тұр, сондықтан шешендік сөздерсіз-ақ қарапайым ойды жеткізу маңызды екені анық.

Пристон университетінің бір топ мамандары жазбаша мәтіннің қарапайымдылығы мен автор репутациясының арасындағы байланысты анықтады. Мәтін неғұрлым қарапайым болған сайын автор соғұрлым ақылды көрінеді екен.

Мәтінді графикамен толықтырыңыз

Графика сіздің мәтініңізге қарапайым адамдарға түсінікті бола түсетін мүмкіндік береді. Графиканы көп адамның түсінбейтіндігі маңызды емес. Бастысы, көрерменге қандай әсер беретіндігі. Корнель университетінің ғалымдары графикасы бар мәтіннің графикасыз мәтінге қарағанда авторға деген сенімділіктің көбірек болатындығын дәлелдеді. Және бұл автордың талантты адам репутациясын қалыптастырады екен.

Бәрі секілді жүріңіз

Таңғажайып зерттеулерге сәйкес, жүрісі өзгелерден ерекшеленетін адамдардың аса ақылды еместігі дәлелденген екен. Олар адам легінен қалып қойып, кедергілер тудыратыны, шашыраған кофе мен бұзылған көңіл-күйге сеп болатыны белгілі. Егер ақымақ болғыңыз келмесе, бәрімен бірдей жүріңіз.

Қалжыңдаңыз және өзгенің әзілін де бағалай біліңіз

Егер сіз өзгенің әзіліне бас бұрсаңыз, мұның өзі де қоғам үшін ақылдың бір көзі болып бағаланары айқын. Қалжыңдай білу таптырмас бонуспен тең, ал айналаңыздағы қалжыңға қосыла білу, түйсіну — қажеттілік.

Дереккөз: adme.ru
 

Дереккөз: http://reactor.inform.kz