«Өзінің қателігін өзі біледі»: Анара Батырхан Бүркіттің жаңа фильмін сынап тастады — новости Казахстана

0

Танымал әнші Бүркіттің «Загадай желание» жаңа фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Туындыны тамашалаған шоу-бизнес өкілдері мен вайнерлер өз пікірлерін білдірген. Фильмге қатысты сын пікір айтқандар да болған деп хабарлайды HIT TV арнасы.

sulpakcinema.kz/stan.kz

Фото:sulpakcinema.kz/stan.kz

Танымал әнші экшн-комедия жанрындағы фильміне 120 мың АҚШ доллары жұмсаған екен.

Бұл туындының сценарийін Әуез Әуезов жазыпты. Фильмнің түсірілімі 40 күн бойы Алматы мен Дубай қалаларында жүргізілген.

Басты рөлді жас әнші Индира Еділбаева сомдаған. Бұл оның кино саласындағы алғашқы жұмысы екен.

«Қиын сахналар болды. Бір дубльден ойнап шығуға тиіс сахналар өте қиын болды», — деді Индира.

Туындының тұсаукесеріне құтты болсын айтып келген шоу-бизнес өкілдері көп болған.

«Әйбек ағамызға өз пікірімді айтқан болатынмын. Өзінің қателігін өзі біледі. Индираға әлі де жұмыс істеу керек. Білуімше, ол кино шықпас бұрын актерлік курстарға барып, дайындалған. Менің нақты берер бағам — төрт», — деді вайнер Анара Батырхан.

Танымал әнші Тоқтар Серіков болса, Анара Батырханның сөздерімен келіспейді екен. Әншінің пікірінше, Бүркіттің әр ісінде тиянақтылық бар екен.

«Ешкімнің сыртынан тон пішпеймін. Дегенмен, мені балаларым осы фильмнің үзіндісін көріп, мені осы көрсетілімге жіберді деді», — дейді Тоқтар Серіков.

Бұл фильмнің Бүркітке қанша табыс әкелетіні әзірге белгісіз.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар