«Өзінен сұраңдар»: Нұртас Айдарбеков тойына келмеген Жұлдыз Әбдікәрімова туралы сұрақты ұнатпай қалды

0

Танымал продюсер Нұртас Айдарбеков кенже ұлын үйлендіріп, келін түсірген болатын. Ол тойдың қалай өткені мен шығынын айтып берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айдарбековтер әулеті кенже ұлына келінді оңтүстіктен алды.

“Шымкент жақпен құда болдық. Қалың малға 10 мың АҚШ долларын бердік. Одан кейін барлық жөн-жоралғыны жасадық. Әйелдер ол жағын жақсы білгесін мен көп араласпадым. Құдалықта жылтырақ дүниелер көп болды. Бәрін жеңгелерің істеп жүр. Құдаларымыз да кезінде базарда сауда-саттық айналысып, бүгін жеке кәсіпкер болып отырған жандар. Келінім қарапайым отбасыдан шыққан, текті жердің қызы. Әулетімізге сын айтылмасын деген ниетпен оңтүстікке тән барлық жөн-жоралғыны жасадық”, – дейді продюсер.

Алайда Айдарбековтер әулетінің үлкен келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың тойға не себепті келмегенін ашып айтқан жоқ.

“Бұл өзі орынсыздау сұрақ. Біздің Жұлдыз да, Қайрат та 35-ке келді. Олар кәмелет жасқа толған балалар ғой. Сондықтан, бұл сұрақты өздеріне қою керек. Мен олардың өмірлеріне араласа алмаймын. Менен әйелім мен немерелерім туралы ғана сұраңыздар. Қандай сұрақ болса да, солар үшін жауап бере аламын», – деп қысқа қайырды.

Еске салайық, Жұлдыз бен балалары Айдарбековтер әулетінің тойында бой көрсетпеді. Заңғар мен Индираны іс-шарадан көріп қалып: ”Міне, қайным мен келінімді енді көріп жатырмын. Тойға бармадым. Бақытты болыңыздар” деп тілегін айтты. Желі қолданушылары су жаңа келіннің абысынына сәлем салмағанын сынады.