Өзінен 19 жас кіші жігітпен көңіл қосқан елорда тұрғыны ыңғайсыз жағдайда қалды

0
8687

41 жастағы елорда тұрғыны полицияға хабарласып, алтын әшекейлер салынған сөмкесі ұрланғанын жеткізген

Нұр-Сұлтан қаласы ПД қылмыстық полиция қызметкерлері көңілдесінің жеке заттарын ұрлады деген күдікпен 22 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Осы жылдың 13 сәуірінде 41 жастағы елорда тұрғыны полицияға хабарласып, алтын әшекейлер салынған сөмкесі мен музыкалық колонкасы ұрланғанын айтқан.

Тергеу барысында полицейлер әшекейлерді әйелдің қонаққа жиі келіп тұрған сүйіктісі ұрлап кеткенін анықтады, қылмыс болған күні күдікті жәбірленушінің үйінде түнеген. Ол таңертең ерте әйелдің жеке заттарын алып, қашып кеткен.

Ұсталған жігіт өз кінәсін толығымен мойындады. Түркістан облысының тумасы бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды.

Қылмыстық іс қозғалды, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету