Өзіне қол жұмсамақ болған: Оралда оқушы қыз 7 қабаттан секіріп аман қалды — Қазақстан жаңалықтары
7-сынып оқушысы өз үйінің терезесінен құлап кетті. 7-қабаттан құлаған қыз аман қалды, деп жазады Қазақпарат.
Мектеп директорының айтуынша, оқиға 18 наурызда болған.
«Біздің мектептің оқушысы үйінің терезесінен құлап кеткен. Қуанышқа орай қауіпсіздік торы ұстап қалды. Қыз да ешқандай ауыр жарақат алған жоқ.Өзін жақсы сезінеді. Қазір өз үйінде», — дейді оқу орнының жетекшісі.
Ал, полиция бөлімінің баспасөз қызметі жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын хабарлады.
«18 наурызда Орал қаласының көпқабатты ғимаратында суицидке әрекет жасалды. Жасөспірім 7-қабаттың терезесінен секіріп кетті. Дене жарақатын алған қыз ауруханаға жеткізілді.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел жәрдем стансасы оқиға орнына жетіп үлгерді.
«13-жастағы қыз 7-қабаттан құлап түсті. Ол қаланың көппрофилді ауруханасының хирургиялық бөліміне алынды», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қыздың жағдайына пікір білдірмеді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz