«Өзіне келу үшін сары түйіншекке дуа жасайды»: белгілі әнші Құралай ханымға қатысты сұмдық жайттың бетін ашты

0
Құралай ханым деп жариялаған мыстанның дуасымен айналысқан дуакештің қылмыстарынан жапа шеккен елдің зары парақшамда сақталған.

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева қыз-келіншектерге ақылы тренинг жүргізіп жүрген Құралай ханымды да, онымен кездесу ұйымдастырған діни басқарманы да сынап пост жазғаны белгілі болды.

Стан.кз сайтының хабарлауынша, дәстүрлі әнші өзінің бұл жазбасында Құралай Ханым деген атпен танымал психолог Ошақбаеваның аңқау елге арам молде демекші, елдің санасын улап жатқанын айтып, мәселе көтерген.

Әншінің айтуынша, діни сауаты жоқ бола тұра өзге діннің ілімін насихаттап жүрген психолог Ошақбаеваға соңғы кездері Діни басқарманың өзі құда түсіп, тренингтер өткізе бастаған.

«Псевдопсихолог Құралай Серікқызы Ошақбаева айтып тұрғандай «Бауырға бай әпке керек» деп бауыр емес, дүниеге құныққан әйел ғана айтар.

Нұр-Сұлтан қаласының дін мәселелерін зерттеу орталығы. Дін мәселелерінде псевдопсихолог, мұсылманға пірі Правдинаның шәкірті, будданың мантрасы, феншуйын дәріптеп, гипноз шамбалы, дұға деп дуа жаттатқан жеке тренингін діни сауаты жоқ әйелдерге ақшалы бай боласың деген мыстанның дуасын үйреткен, елді алдаған дипломы жоқ психологсымақ Құралай Серікқызы Ошақбаевамен кездесу жасайтындай діни басқармада діни сауатты әйел мен еркек, ақ пен қараны саралайтын мамандар қалмағаны ма?

Қасқырға қой бақтырғанмен бірдей ғой мынау. Құралай ханым деп жариялаған мыстанның дуасымен айналысқан дуакештің қылмыстарынан жапа шеккен елдің зары парақшамда сақталған. Масқара ғой мынау», — деп жазған дәстүрлі әнші.

Ол сонымен қатар, бұл мәселені құзырғы органдардың өз бақылауына алу керектігін ескерткен.

sn.kz