Өзіне 20 рет қол салмақ болған Жанар Хамитова концерт беруге дайындалып жатыр — Қазақстан жаңалықтары

0

Мейрамханада ыдыс жуып жүрген Жанар Хамитова концерт бермек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сиви

Бұл жайлы Сиви Махмуди өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Қос әншіні ортақ достары, визажист Радик Заитов таныстырған.

«Концертке қызу дайындық үстінде. Үлкен концертке арналған алғашы әнді жаздық. Бүгін Жанар Хамитовамен шопинг жасадық. Оған қоса, НТК арнасына сұхбат беріп, жаңа ән де жазып үлгердік. Бізді таныстырғаны үшін досымыз Радик Заитовке алғыс айтамыз. Бізде бәрі жақсы, тілектеріңізге рақмет», — деп жазды Сиви Махмуди.

 


Әншінің өзі де Сивиді отбасының бір мүшесі ретінде көретінін айтты. 

«Сиви екеумізді таныстырған досымыз Радик Заит. Араласқанымызға 13 жылға жуық уақыт болыпты. Радик керемет визажист. Енді біз бір отбасымыз», — деді Жанар Хамитова.



stan.kz