«Өзің тіліңнен таптың»: «Меломен» тобының әншісі әйеліне қол көтергенін растады
«Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрилла Ақберген әлеуметтік желідегі парақшасында әншінің ұрғанын мойындаған аудиожазбасын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жазбада бұрынғы әйелін ұрғанын мойындаған әншінің аудиожазбасы анық көрсетілген.
«Иә, ұрғаным рас. Мен сені жұдырықпен ұрған жоқпын. Қолым ауыр, 5-6 рет шапалақпен ұрдым. Барлығы өзіңнің тілеп алған шапалағың. Мұрныңның сынғаны да бір-ақ соққы. Аузыңды тыймағандықтан болды», – деп жауап берген әнші.
Еске салайық, өнер иесінің экс әйелі бұрынғы күйеуінің екі жылдың ішінде бірінші рет алимент төлегенін айтқан еді. Блогер келіншектің жазбасынан кейін, әнші жеке парақшасының сторис бөліміне ойландыратын жазба қалдырды.
“Ұятсыз әйел – тұзсыз ас секілді”. Жақсы мақал екен”, – деп жазған еді Ғабит Бибасыұлы.