Өзін — өзі жетілдіруге арналған 10 негізгі кітап

0

Өзін — өзі жетілдіруге арналған 10 негізгі кітап

1. Алекс Новак. «Бар болса да жоқ кітап».


Егер күн сайын артық 20 минут уақытыңыз болса, 1 аптадан кейін бұл кітап өміріңізді өзгертеді. 

Бұл кітапты кімдер оқуы тиіс?
1. Өзін өзі іздеп жүргендер.
2. Автопилотпен өмір сүретіндер.
3. Бұрыннан келе жатқан орындалмаған арманы бар адамдар.
4. Маңызды істерді кейінге ысыра беретіндер.
5. Жүйелі түрде өзін -өзі дамытуды ұстанатындар.

Кітап не жайлы? 
Бұл шығарма — өз өміріңді басқарудағы » аспаптар жәшігі» десе де болады. Сіз сол кеңестерден кейін жарқын мақсаттарыңызға нақты қадамдар жасап, ең бастысы сол қадамды өміріңізге енгізесіз. Кітапта теориялар, мысалдар, оларды тәжірибеде орындауға нақты нұсқаулар келтірілген. Кітаптың тілі жатық, сөздері түсінікті, «ақылды» иірімдер мен түсініксіз терминдер жоқ. 

Бұл кітапты неге іздеу керек? 
Желіде 2014 жылдың желтоқсан айында пайда болған бұл кітап жарылған бомбадай әсер қалдырды. Бір жарым айдың ішінде сайтта 100 мыңнан астам оқырман қараған. Кітап әр түрлі пікірталастар тудырып, хит-парадтарға ілініп, баспа назарына түсті. Автор Алекс Новак кітаптың қағаздағы нұсқасын шығару туралы ұсыныстар алды. «Питер» баспасымен 2014 жылы келісімшарт жасалып, «Бар болса да, жоқ кітап» дүкен сөрелеріне 2015 жылдың сәуір айында жол тартты.

2. Ник Вуйнич. «Шетсіз — шексіз өмір». 
Ник Вуйнич өмірге қолы мен аяғы жоқ болып келді. Сонда да тәуелсіз, толыққанды өмір сүруде. Екі жоғары білімі бар, компьютерде минутына 43 сөз тереді, серфингпен, балық аулаумен, жүзумен айналысады, тіпті трамплиннен секіруді де ұнатады. Оның кітабы — қиындықты және өмірден түңілген кезде жеңуге деген талпыныс тудыратын шығарма. Өзіңе сеніп, бақытты болуға әрекет етуді насихаттайды. Ник өзінің физикалық жағдайы мен уайымдары жайлы ашық баяндайды, өзінің мүгедектігіне көндігу ауыр болғанын, өзіне қол жұмсамақ болған кездері болғанын жасырмайды. Өз мәселелерінде бөгет емес, алдыға үлкен мақсат қойып, қалағанына қол жеткізу мүмкіндігін көріп үйренуге аз уақыт жұмсаған жоқ . Қол-аяғы болмаса да ол көтеріле алды. Өз кітабында ол өзіне көмектескен өмір сүрудің ережелерін оқырмандарымен бөліседі.

3.Ицхак Пинтосевич «Өмір сүр!» 
Бұл кітап- соңғы уақыттағы медицина, физиология және психология салаларындағы жаңалықтар мен Олимпиада спортшыларын дайындау құпияларының синтезі. Автор Ицхак Пинтосевич бұрын әлемдік деңгейдегі кәсіби спортсмен, жаттықтырушы, кәсіпкер адам. Бұл кісі көп уақытын жұмыста өткізіп, мақсаттарына жетуге ұмтылған, бірақ жұмыс графиктерін өзгертуге құлықсыз адамдарға арналған ерекше бағдарлама жасап шығарды. Бағдарлама мақсаты — оларды бұзылудан, аурулар мен күйзелістерден құтқару. Осы бағдарлама аясында қуаттылық деңгейін көтеріп, денсаулықты жақсартып, тіршілікте табыстың жоғары деңгейіне жетуге болады.

4. Игорь Манн.»Бірінші». 
Адамның алға ұмтылуын көрсететін «Мен өзімді бес жылдан кейін қалай елестетемін» деген танымал жаттығу бар. Көпшілік адамдар бірінші болғым келеді, саламның бетке ұстары болсам дейді, бірақ берілген уақыт аралығында таңдалған мақсатта бірдеңе тындыратындар аз. Тек қолға алынған іс әрекет қана тұлғаның нақты масштабын көрсетеді. Өзіңді өзің жасау оңай емес: нәтижеге көп жағдай ықпал етеді. Барлығындағы сияқты, жоспарға сәйкес қимылдау керек. Бұл кітап сондай жоспар ұсынады. Оны өзіңізге қарай бұрып, өзгертуге болады. Оқып, арнайы кестелерді (күшті әлсіз сапаларды анықтау, артықшылықтарды анықтау, дағдыларды дамыту жолдары, имидж өзгерту, өзін өзі жылжыту әдістері) толтырған соң қазіргі тұрған нүктеден жеткіңіз келген нүктеге дейінгі іс-әрекет алгоритмына ие боласыз.

5.Джош Вайцкин. » Оқу өнері». 
Бұл Джошуа Вайцкиннің авторлық өмірбаяны. Ол 9 жасында шахматтан ұлттық чемпионатты жеңіп алған және 28 жасында тайцзи жекпе жек өнерінен чемпион болған. Екі түрлі спорттан мұндай нәтижене қалай қол жеткізді? Джошуа өзін шахматтан немесе тайцзиден мықтымын деп есептемейді. Ол » мен оқып үйренуде мықтымын » дейді. Кітапта ол өз хмкаясымен баяндап, шыңға екі рет көтерілуге мүмкіндік берген оқу принциптерімен бөліседі. Бұл жай ғана хикая емес, бұл кез келген жетістік , чемпиондық деңгейде болсын, туа біткен талантпен емес, дұрыс өмір сүру мен дұрыс дағдылар мен психологиялық дайындық арқасында келетінін дәлелдейтін шығарма. 

6. Вадим Зеланд «Техногенді жүйенің бұзылуы». 
Егер ешқандай ерекше дарыныңыз болмаса, жалпы қатардан шығып, ерекше болуға тура келеді. Кітапта келтірілген босап шығу техникасын меңгерсеңіз, кез келген әлемге кіре аласыз. Сіздің интеллектіңіз және өнерге қабілетіңіз данышпандық деңгейге жетеді. Өз мақсатыңызға жету жолында еш кедергі болмайды. Егер аңсаған арманыңыз болса, мақсатыңыз өте қиын болса, арманыңызға жету жолында ұзын сонар кезек күту керек болса, онда , сізде ерекше мүмкіндік бар екенін ескеріңіз. Ешкімде жоқ артықшылыққа ие болу мүмкіндігі… 
Матрицаны бұзып шығып, бостандыққа аттану. Сіз оның мүмкін екенін білуіңіз керек.

7. Том Питерс. «Елестетіп көріңіз».
Әлемдік бестселлерлер авторы, кәсіпті жүргізудегі жаңа қадамдардың авторы, менеджмент гуруы Том Питерс заманауи іскерлік әлемнің жаңа тәртіптері жайлы баяндайтын жаңа кітабымен ортамызға қайта оралды. Ешкімде жоқ стильде жазылып, автордың жаңа Re-imaigne! философиясын нақты жеткізу мақсатында өңделген кітап іс-әрекетке итермелейді. Том Питерстің деструктивті бұйрықтарымен танысыңыз, бюрократия ажалын қалай болжайтынын көріңіз, неге кәсіпкерлік деген әдемі ойлау, біртүрлі ойлау, бұрын елестете алмаған өзгерістерді қабылдау деп санайтынын көріңіз..

8. Брайан Трейси. «Жайлылық аймағынан шық».
Өзін өзі дамытудағы бірінші кітап. 40 тілге аударылған. 1 млн, 200 мың данасы сатылған. Осы кітаптан Брайан Трейси есімді өзіндік даму бойынша жетекші маманның әлемдік жетістігі басталады. Кітапта уақытты бөлуге бағытталған сұрақтарды меңгеруге 30 дан аса әдіс тәсілдер келтірілген. Жайлылық аймағынан шыға отырып, күрмеуі қиын мәселелердің шешімін табуға болатыны жайлы баяндайды.

9. Бодо Шефер. «Жеңімпаздар заңдары». 
Өмірде өз мақсатыңа жету үшін пайдалылығы сыналған 30 заңдылық жинақы, қолжетімді, қызықтыратын формада сипатталған. 

10. Робин Шарма. » Феррариын сатқан монах». 
Нағыз табыс деген не және оған қалай қол жеткізуге болады? Мансаптың өсуіне, әлемдік дағдарыс жағдайына тәуелсіз бақытқа кенелген бола ма? Үнемі ертеңгі күнге алаңдамай, әр өткен күннен ләззат алуға болады? Үйренген жайлылықтан бас тартпай-ақ рухани байлыққа қол жеткізуге көмектесетін әдістер бар ма екен? Ерекше дарынды қалай жетілдіріп, тағдырды бағындыруға болады? Және ең бастысы, өзің бейім істі қалай табуға болады және өзіңді қалай табуға болады? Жауаптар әлемнің көптеген елдерінде бестселлер болған осы кітапта. Робин Шарма Джулиан Мэнтл атты миллионермен бірге армандар орындалатын Сивана атты елге таң қаларлық саяхат жасауды ұсынады.

Дереккөз: http://reactor.inform.kz