Өзін-өзі ақтамайтын KazSat жобасын қаржыландыру тоқтатылады

0
193

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Екатерина Смышляева Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин спуктниктік байланыс бойынша интернетпен қамтамасыз етуге қатысты сауал қойды, деп жазады BAQ.KZ.

KazSat-2R жер серігі орбитадағы KazSat-2 спутнигін алмастыруы керек еді. KazSat-2 жер серігі өз ресурстарын 2024 жылы тауысады. Негізі KazSat 2-мен KazSat 3 бірігіп, елімізді ұялы байланыс, интернетпен, сондай-ақ радио мен теледидармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жұмыс тобында сіздің министрліктің аэроғарыш комитетінің төрағасы Оралмағамбетов аталған KazSat-2R жобасын іске асыруды тоқтату туралы шешім қабылданды деп мәлімдегені бар, — дейді Смышляева.

Оның айтуынша, KazSat-2 жер серігі өз жұмысын тоқтатып, ғарышта жалғыз KazSat-3 серігі қалуы мүмкін.

Бірақ сіздің министрліктегі тағы сол маман KazSat-2 болмаса KazSat-3 тұрақты түрде байланыспен қамтасасыз ете алмайды деп отыр. Осы ретте мынандай сұрақ туындайды: сонда елімізді ұялы байланыс, интернет, телевидение және радиомен қалай қамтасыз етпексіз, — деп сұрады депутат министрден.

Министр Бағдат Мусин шынымен де мұндай шешім интернеттің жылдамдығы қазақстандық спутниктер ұсынған деңгейге дейін төмен болғандығына байланысты екенін растады.

KazSat-2 және KazSat-3 жер серіктері 75 пайызға ғана жүктелген. Қазіргі кезде технологияларды алмастыру бөлігінде ғарыш саласы қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз. KazSat-2 мен KazSat-3 геостационарлы спутник болып саналады, одан бөлек интернет таратады. Алайда бұл интернеттің жылдамдығы нүктесіне секундына 10 мегабит. Бүгінде технологиялар дамыды және біз осы процеске ерекше мән беріп отырмыз,- деді Бағдат Мусин.

Ол шетелде бұл бағыттағы жұмыстар қалай шешіліп жатқанын айта кетті.

Мұндай қызметтерді Starlink Америкада ұсынып отыр, Еуропада тестілеу жүріп жатыр. OneWeb тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Олар банкроттық кезеңінен шығып, 1 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартты. Біз осы жобаны (KazSat-2R) жүзеге асыруды жоспарлаған кезде, KazSat-2-ні алмастыруға 58 млрд теңге сомасындағы шығыстың мақсаттылығын тағы да пысықтадық. 2024 жылға қарай жер шары төмен орбиталды спутниктік топтамамен толықтай қамтылады, олар нүктесіне секундына 200 мегабит жылдамдықта интернет ұсына алады. Бұл өз кезегінде қазіргі KazSat-2 және KazSat-3 таратып тұрған интернеттен айтарлықтай жоғары,- деді министр.