«Өзімді Майкл Джексондей сезіндім»: Димаш Кремльдегі концерті жайлы — Қазақстан жаңалықтары

0

Димаш Құдайберген Кремльде өткен алғашқы ән кешінен алған әсерімен бөлісті. Ол өзін поп-музыка патшасы Майкл Джексондей сезінгенін айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында мәлімдеді.

Димаш Құдайберген«Әрине, әттеген-ай дейтін тұстар болады. Онсыз концерт өтпейді ғой. Өзімнің шамалы ғана кей нәрселерге көңілім толмады. Дегенмен де көрермендердің ықыласына бөленіп, шапалағын естідім. Одан асқан бақыт жоқ. Сол қолдаудың арқасында өзімді құдды бір Майкл Джексондей сезіндім», — деген Димаш өзін қолдап келген барша тыңдарманына алғыс айтты. 

Сондай-ақ, ата-анасы мен бауырларынан бөлек, ресейлік композитор Игорь Крутойға ризашылығын жеткізді. 

«Мен ешқандай да періште емеспін, адаммын. Менің де қате жіберетін, артық сөйлеп қоятын кездерім болады. Барынша дұрыс тәрбие алған азамат ретінде өзімізді бағып жүруге тырысамыз. Барлығы сияқты қарапайым адаммын», — дейді Димаш. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz